Шымкентте тойханаларды емдеу мекемелеріне айналдыру ұсынылды
Шымкентте бос тұрған тойханалар науқастарды емдеу орнына айналуы мүмкін. Қала әкімі Мұрат Әйтенов қажет бола қалған жағдайда, емдеу орнына айналдыруға мүмкін болатын осындай тойхана орындарды аралады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюроға сілтеме жасап.
Тіпті, кейбір тойхана иелері провизорлық стационар ашу үшін ғимаратты тегін беруге дайын екенін айтқан. Әкім болса, тойханаларға тиісті жабдықтарды ұою мүмкіндігін қарап шыққан.
Әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, қала билігі мұндай жағдайға қажеттілік туындаған жағдайда ғана барады.
Халық та бұл шешімді қолдайтын сияқты.
"Жан-жаққа сыймай жатыр деп естіп жатырмыз ғой. Міне, тойханалар тұр ғой, алсын, оларда халыққа көмектессін. Халықтың арқасы ғой осының бәрі, салсын, халыққа қызмет етсін", "Құр босқа тұр ғой. Бұлардың өзін бір көмек болар, әкімшілік коммуналдық төлемін жауып беретін шығар. Бос тұрғаннан пайдаланған дұрыс қой", - деді қала тұрғындары.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн