Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте бір топ бұзақы 3 полицейді соққыға жыққан

Шымкентте белгісіз біреулер үш учаскелік полицейге шабуыл жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

төбелес28 желтоқсаннан 29 желтоқсанға қараған түні Республика даңғылындағы №15 көп қабатты үйдің ауласында белгісіз біреулер учаскелік полицейлерге шабуыл жасады.  Жергілікті полиция қызметкерлері кезекшілікте жүрген. Олар аулалардың бірінде шу шығарып, тыныштық режимін бұзған ер адамдарды байқаған.

Куәгерлердің айтуынша, тәртіп бұзушылар учаскелік полицейлердің ескертулерін елемей, тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен.

3 полицейге алты ер адам жабылған. Төбелес кезінде тәртіп сақшыларының мұрындары сынған, қабақтары жарылған, беттері тырналып, қанаған.

"2020 жылдың 28 желтоқсанында орын алған Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби АІІБ 3 полиция қызметкеріне қатысты зорлық-зомбылық қолдану фактісі бойынша ҚР ҚК 380-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы (Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деп хабарлады Шымкент қаласы полиция департаментінде.

Айта кетейік, аталған бап жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Қазіргі уақытта ҚР ҚІЖК 128-бабына сәйкес Шымкент қаласы П Д Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы үш күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Тергеу жалғасып жатыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр