Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте бір күнде 18 жерге есірткі қойып кеткен жігіт ұсталды

Еңбекші аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғындардың бірі тұрғын үй аумағына есірткі қойып жүрген жас жігітті көргенін айтып хабарласқан. Жедел тергеу тобының қызметкерлері дереу оқиға орнына барып тексерген. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

фото: polisia.kz
Күдіктінің жеке басын тінтігенде смартфонынан Telegram чат арқылы белгісіз тұлғамен хат алмасып, оның нұсқауларын бұлжытпай орындағаны анықталды. Кейін тәртіп сақшылары оның есірткі қойып кеткен жерлерін жеке-жеке тінтіп, жасырылған ұнтақтарды айғақ зат ретінде тәркіледі.

Құқық бұзушы бір күнде 18 орынға полиэтиленді пакетке салынған есірткіге ұқсас заттарды тығып үлгерген. Сараптама қорытындысы тәркіленген заттардың синтетикалық есірткі екені расталды.

"Аталған жайт ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Белгілі болғандай жас жігіт 3 айдан бері “курьер” болып жұмыс істеген және күніне орта есеппен 20-25 орамды қойып кетумен айналысқан", – деді Еңбекші АПБ қызметкерлері.

Қазір күдікті қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
 

Талқылау