Шымкентте биыл жаңа жылдық безендіруге 100 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінбек

Фото: yujanka.kz
Шымкент қаласының әкімі биыл жаңа жылдық безендіруге 99 миллион теңге бөлінетінін мәлімдеді. Ол шығындардың бір бөлігін декорацияны қайта пайдалану арқылы үнемдеп, алаңға табиғи шырша қоятынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ғабит Сыздықбеков 2025 жылы қалада жаңа жылдық мерекені атап өтуде, барлық бағыттар бойынша үнемдейтінін алға тартты.
"Өткен жылы қолданылған барлық материалдар аудандық қоймаларда сақталған және қайта пайдаланылатын болады. Бізде бес аудан бар, плюс орталық алаң, онда шырша орнатылады. Биыл менің бастамам бойынша табиғи шырша орнатуды жоспарлап отырмыз", – деді ол брифингте.
Сондай-ақ, журналистер 2024 жылы безендіруге 80 миллион теңге бөлінгенін еске салды. Әкім бұл шығындардың өсуі кейбір нысандардағы қосымша шығындарға байланысты екенін, соған қарамастан жалпы үнемдеу саясаты жүргізіліп отырғанын атап өтті.
Бұл жағдайды Батыс Қазақстан облысымен салыстырғанда, онда әкім Нариман Төрегалиев биыл жаңа жылдық шығындарға тек 11 миллион теңге бөлінетінін жеткізді. Айтуынша өңірде бірнеше жылдан бері бір шыршаны пайдаланып, оны жыл сайын әрлеп, келесі маусымға дейін сақтайды.
Қазақстандық көршісін үйіне іздеп барып, оны өлі күйінде тапқан: Ақыр соңында қылмыстағы басты күдіктіге айналды