Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте бетон араластырғыш көлік сегіз көлікті қағып кетті

Шымкентте Рысқұлов пен Қазиев көшелерінің қиылысында апат болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бетон араластырғыш көліктің жүргізушісі бағдаршамның жанында тұрған сегіз көлікті соғып кетті.

Куәгерлер көліктің тежегіші істен шыққан деп болжады. Нәтижесінде Mazda көлігін басқарған ер адам ауыр жарақат алды. Ол ауруханаға түсті. Жол-көлік оқиғасының қалған қатысушылары жеңіл жарақат алған.

Барлық көліктерге елеулі материалдық залал келді.

Апат болған жерде екі шақырымға жуық тығын пайда болды. Жол полициясының қызметкерлері көліктерді сүйреп апарып, қазір болған оқиғаның барлық мәліметтерін анықтауда.

Талқылау