Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте бес жұлдызды "Hilton" қонақүйі cалынады

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков әйгілі "Hilton" халықаралық желісінің қонақүйінің құрылысы аумағында капсула салу рәсіміне қатысты. "Шымкент сити" шағынауданында бой көтерген бес жұлдызды қонақүйді 2026 жылы ашу жоспарланып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Мегаполис басшысы қонақүй кешенінің жобасымен танысып, оның құрылысын бастауды тапсырды. 

“Мұндай нысандар туристік әлеуетті дамытуда ғана емес, қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыруда да маңызды. "Hilton" – әлемге әйгілі бренд. Болашақта қонақүй қаламызды толықтырып, оны туристер мен барлық қонақ үшін тартымды етеді”, – деді Ғабит Сыздықбеков. 

Қонақүйде 167 бөлме, ballroom, мейрамханалар, фитнес-орталық және бірнеше конференц-зал бар. Құрылыстың арқасында 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

Сонымен қатар қала әкімі ұлттық стильде салынған "Qazaq Hotel" қонақүйіне барды. Жобаны іске асыру нәтижесінде 30 жұмыс орны құрылды. Жаңа қонақүйде 64 заманауи және жайлы бөлмелер бар. Қонақтардың жайлылығы үшін қосымша қызметтер – мейрамхана, SPA-салон, конференц-зал және автотұрақ қарастырылған.

Талқылау