Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте баспана алу үшін айлаға барған полицей шенінен айырылды

Прокурорлар Шымкентте баспана алудың қылмыстық схемасын әшкереледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Шымкент прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, көші-қон полициясы қызметкері 16 адамға әлеуметтік баспана алу үшін тұрғылықты тіркелу уақытына заңсыз өзгеріс енгізген. 

"Жинақталған құжаттар Қылмыстық кодекстің 369-бабы 2-1-бөлігі (Қызметтiк жалғандық жасау) негізінде сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімі жүйесіне тіркелді және тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс сотқа жолданды", – делінген хабарламада. 

Сотта көші-қон полициясы қызметкерінің кінәсі толық дәлелденіп, ол "полиция майоры" шенінен айырыла отырып 1,5 жылға сотталды.

Бұдан бөлек, тағы 147 адамды жалған тіркеуге қою дерегіне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

"Қазіргі уақытта кезекке жалған тіркелу мүмкіндігін болдырмайтын және негізсіз өтініштерді саралауға мүмкіндік беретін жаңа автоматтандырылған жүйе енгізілді", – делінген хабарламада.

Талқылау