Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте банк бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды

Шымкентте банк бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

банк

"17 наурызда қылмыс болып, банк филиалына шабуыл жасаған күдікті ұсталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабы «Қарақшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс істеуде, оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып жатыр", - делінген Шымкенттің полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полиция басқа да деректерді жарияламады.

Қарақшылық шабуыл Мангельдин көшесінде орналасқан банк бөлімшесіне болғаны белгілі. Сағат 15.00-де, куәгерлердің айтуынша, банк аумағы сары лентамен қоршалған, полиция қызметкерлерімен күзетіп тұрған және ішке ешкімді жібермеген. Бірнеше минуттан кейін куәгерлердің көзінше адамдар ғимараттан қолына кісен салынған ер адамды алып шыққан.
 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 18 Наурыз, 2020 06:38
Талқылау