Шымкентте әйелін шашынан сүйреп, сабаған ер азамат түсірілген видео жұрттың ашуын туғызды
Шымкентте көше бойымен әйелінің шашынан сүйреп, оған қорлық көрсеткен ер азамат түсірілген видео желі қолданушыларының наразылығын тудырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл видеоны шымкенттік заңгер Айла Жұмалиева өзінің Facebook-тегі парақшасына жүктеген.
Сөзінше, кінәсі видеода анық көрінгенімен ер азамат әлі жазаланбаған.
"Егер полицейлер айғақтар бола тұра қылмыстық іс қозғамаса, айтарға сөзім жоқ. Халық бекерден-бекер тәртіп сақшыларын жақтырмайды ғой. Заң бәріне бірдей емес пе? Жолда көк ала қойдай қылып сабайтын болса, ондай күйеудің не керегі бар", - деп ашынды жазба авторы.
- "Еттен сабынның иісі шығады": Семейдегі балабақша аспазының желідегі видеосын көрген ата-аналар шу шығарды
- "Кінәлілер полицейлермен ауыз жаласқан": БҚО-да қастандықпен өлтірілген кәсіпкердің ұлы президент пен министрден көмек сұрады
Бұл оқиға жайлы Шымкент қалалық ПД өкілдері пікір білдірді.
"Аталған жағдайға қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалды. 18 мамыр күні жәбірленуші сот сараптамасынан өтті. Қазіргі таңда келтірілген зардаптың ауырлығы анықталуда. Дәйектерді негізге ала отырып тергеу жүргізіледі", - деді полицейлер.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”