Шымкентте автобуста ер адам 12 жасар қыздың көзінше өзін қанағаттандырған
Шымкент тұрғыны әлеуметтік желіде автобуста өзін қанағаттандырған ер адамға шағымданды. Сөзінше, ол бұл әрекетін 12 жасар сіңілісінің көзінше істеген деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Видео әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде 16 сәуірде жарияланды.
"Бүгін сағат 10:00-шамасында 12 жасар сіңілім №72 автобуспен үйге келе жатқан. Жанына ер адам отырып, көптің көзінше тиісе бастаған. Мүшесін шығарып, қызға қарап отырып өзін қанағаттандыра бастаған. Сіңілім қысқа видео түсіріп, Telegram-нан жіберіп үлгерді", – дейді әйел.
Тұрғын ер адамды ұстауды талап етті.
"Өзін түсіріп жатқанын көріп, аялдамадан түсіп қалған. Өтінемін, егер бұла адамды танысаңыздар, азғын әрекеті үшін жазалауға көмектесіңіздер. Сонымен қатар аулақ жүру үшін видеоны таратыңыздар. Мұндай адамдарды өркениетті қоғамнан алшақтату керек", – деп жазды ол.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ