Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте әскери қызметкер қызды зорламақ болғандардан құтқарып қалды

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Шымкентте қызды зорламақ болғандардан оны құтқарған гвардияшыны марапаттады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық гвардияның баспасөз қызметі хабарлағандай, гвардияшы Артем Калашниковты қызды оны зорламақ болғандардан құтқарғаны үшін "Қоғамдық тәртіпті сақтауға қосқан үлесі үшін" медалімен марапаттады.

"Артемнің бұл әрекеті әрбір қазақстандық үшін, әсіресе оның әріптестері үшін үлгі. Ол демалыста болғанына қарамастан, гвардияға деген азаматтық және кәсіби борышын бір минутқа да ұмытқан жоқ, - деді медальді табыстаған "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Талапкер Амриев.

Калашниковқа Шымкент полициясының басшылығы тарапынан грамота табысталды.

13 ақпанда түнгі сағат бір шамасында Калашников қыздың көмек сұрап айқайлағанын естиді. Оқиға орнына жақындай түскенде ол қызды зорлауға тырысқан екі ер адамды байқаған. Калашников ер адамның бірін итеріп жіберіп, екіншісіне қарай бағыт алған, осылайша, олардың арасында төбелес басталған.

Полиция күдіктінің бірін ұстады, екіншісі ол уақытта жасырынып үлгерген. 21 ақпанда екінші күдікті де ұсталды. Ол кінәсін мойындаған. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр