Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте екі сарбаздың мәйіті табылды: өлімнің себебі анықталды

Қорғаныс министрлігі әскери қызметкер мен оның ағасының Шымкенттегі өлімінің алғашқы себебін атады, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Қос бірдей әскери қызметкердің денесі табылды. Сұмдық жайт Шымкентте тіркелді. 26 және 28 жастағы жігіттердің мәйіті жалдамалы пәтерлердің бірінде жатқан. Марқұмдардың туыс болғаны рас па? Қос азаматтың өліміне не себеп?

Екі адамның мәйіті қаланың қақ ортасындағы 5 қабатты тұрғын үйден табылған. Мүрделерді алғашқылардың бірі болып әріптестері көріпті. Өйткені, екеуі де әскери бөлімнің штаттық қызметшілері екен.

Күләш Тұрғанбаева, марқұмның көршісі: "Жігіттер есікті сындыра бастады. Естіген соң, жедел жәрдемге хабарластық. Балалар жылай бастады. Қайтыс болған, меніңше".

Кейінен белгілі болғандай, марқұмның бірі аға лейтенант әскери шенінде болса, екіншісі келісім-шартпен жұмыс істеп жүрген Жетісайдың тумасы екен. Екеуі де бір-біріне туыстық жақындығы бар екен. Олар өздері көз жұмған пәтерде бірге тұрса керек.

Күләш Тұрғанбаева, марқұмның көршісі: "Танитын едім. Ол менімен амандасып жүретін жақсы жігіт болатын. Бүгін, міне, қызым, мама көрші жігіттер уланып қалыпты деді".

Көршілердің сөзінше, олар әскери бөлімнің қызметтік көлігімен күнделікті қатынап жүрген. Бүгін таңертең телефонға жауап бермеген соң, әріптестері әлденеден секем алып, пәтер есігін бұзып ішке кірген. Сол уақытта екеуінің де жансыз денесін тапқан. Марқұмның бірі 26-да, екіншісі, 28 жаста болған. Оқиға орнынын тексерген мамандар, әскерилердің табиғи газдан уланғанын растады. Себебі, олар түнде үйді жылытпақ болып, газ плитаны қолданған. Сөйтіп, өздері ұйқыға жатқан. Белгілі бір уақытта көгілдір отын сөніп, қайта қосылғанда, улы газ бөлмелерге тарапты.

Нұрболат Дербісов, қалалық төиенше жағдайлар департаментінің басшысы: "Газдың исі анықталды. Концентратын біз датчиктен көрдік. Уланған газдың исі бар. Енді ары қарай біздің департамент анықтап жатыр".

Осы күні аталмыш дерекке қатысты сот медициналық сараптама тағайындалды. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қайғылы жағдайдың алдын алу үшін сақ болуды ескертеді.

Талқылау