Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте аса ірі көлемде пара берген шенеуніктер ұсталды

Шымкент қаласы мәдениет басқармасының лауазымды тұлғалары аса ірі көлемде пара беруге әрекет жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі агенттікпен бірге, Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының лауазымды тұлғаларын әшкереледі. 
Олар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына  бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 80 млн теңге көлемінде аса ірі мөлшерде пара беруге әрекет жасады деп күдіктелуде. 

Аталған тұлғалар ұсталып, Шымкент қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.

Талқылау