Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте анасы мен қызын жаяу жүргіншілер жолағында қаққан полиция қызметкері қамауға алынды

Шымкентте анасы мен қызын жаяу жүргіншілер жолағында қаққан полиция қызметкері қамауға алынды. 7 тамыз күні әйел жансақтау бөлімінде есін жимастан көз жұмған болатын. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

3 тамыз күні Байтұрсынов көшесінің бойында Тұран АПБ-ның жүргізуші-полицейі жаяу жүргіншілер өткелінде екі адамды қағып, жол апатын жасаған болатын.

Салдарынан анасы мен қызы әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. 

“Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы  3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Сондай-ақ қызметтік тексеру нәтижесінде тәртіп сақшысы Ішкі істер органдарынан босатылғанын хабарлаймыз. Қазір ол УҰИ-ға қамалды”, – делінген хабарламада.

Қылмыстық іс материалдары айыптау актісімен бірге сотқа жолданаған.

Айта кетейік, тергеу барысы полиция департаментінің бастығы Қайрат Далбековтің қатаң бақылауында.

Еске салсақ, 7 тамызда жансақтау бөлімінде жатқан әйел есін жимастан қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.

Талқылау