Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте алты баланың анасы неліктен өзіне қол салды

Жаңа жылға екі күн қалғанда Шымкентте 6 баланың анасы белгісіз себеппен өзін қол салды. Алты баланың анасы балаларымен тұрған үйдің еш жағдайы жасалмаған. Әйелдің өзі талай жылдан бері пәтер кезегінде тұрған болып шықты. 

Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі Айқын газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Марқұм әйелдің пәтер кезегі жақындағанда кезектен алынып тасталған деген сыбыс бар. Алайда БАҚ өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды. Әкімдік әйелдің пәтер кезегінде әлі де барын, уақыты келгенде үлкен ұлына рәсімелетінін айтты. 

Ал, қара жамылған отбасы қаланың қоқыс толы аймағында тұрған. Ескі үйде көмір жағып күнелтіпті. Тұрғындар газ кіргізе алмағандықтан, от жағып отыр. Қаланың картасына сәйкес, бұл аумақ сүруге жіберілген. Ал, халқы әлі де құлағалы тұрған үйлерде өмір сүруде.

Көршісі Дәмелі Сыздықова марқұм Гүлнар апайдың Қошқар ата өзенінде тазалаушы болып жұмыс істегенін айтады. Аман-саулық сұрасқаннан басқа жақын араласпапты. Айтуынша, марқұм болған көпбалалы ананың артында алты ер баласы қалды. Әлі ана сүтін еміп келген кенжесі жақында екі жасқа толған. Анасының жерлеуі мен жетісін өткізген әкімдік балаларын көшіріп әкеткен. Қайда орналастырғаны белгісіз. 

Оқиға жайлы ақпарат алу үшін Әл-Фараби аудандық әкімдігімен де, аудан әкімі Ға­бит Мәуленқұловпен де хабарласу мүмкін болмады. Ішкі саясат басқармасы да басшылықтың рұқсатынсыз ақпарат айта алмаймыз деп жауап берді.

Ал Шымкент қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, аталған жайт Әл-­Фа­­раби аудандық полиция бө­лі­мінде өзін-өзі өлтіруге дейін жет­кізу бабы бойынша тіркелген.

Көршісі мерт болған күні Гүлнардың әкімдік жиынына қатысқанын айтты. Оның өлімі мен әкімдіктің, пәтер кезегінің қандай да бір байланысы бар ма? Егер әкімдіктің кінәсі жоқ болса, балаларына көмектескені рас болса, неге байланысқа шықпайды? Бұл сұрақ жауапсыз күйде қалды. 

Айта кетейік, Шымкентте алты баланы жалғыз асыраған ана өзіне қол салғанын хабарлаған едік. 

STAN.KZ
Жұма, 10 Қаңтар, 2020 21:59
Талқылау