Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте алимент төлемеген 38 борышкер сот алдында жауап берді

Фото: Shutterstock, Pixel-Shot

Шымкентте алимент төлемеушілерге қатысты жауапкершілік күшейді. Қаратау ауданының прокуратурасы биылдың өзінде 38 борышкердің ісін сотқа жолдап, олардың бірқатарына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуратурасы алимент өндіру туралы сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында нақты шаралар қабылданып жатыр. 

Биыл прокуратура бастамасымен 38 борышкерге қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабымен тіркелген қылмыстық істер сотқа жолданып, борышкерлерге қатысты сот үкімдері шықты.

Бұл республика бойынша алимент төлеу міндетін орындамаған борышкерлерге қатысты тіркеліп сотқа жолданған қылмыстық істердің 9%-ы болып отыр.

Соңғы сот үкімі бойынша 4 миллион теңге алимент берешегі бар борышкер Қылмыстық кодекстің 139-бабымен кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

"Аудан прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлемегені үшін осы бап бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді. Алдағы уақытта қала прокуратурасының ұйымдастырумен осы бағытта жұмыстар өз жалғасын табады", – делінген хабарламада.


Қазақстанда енді некелесін жұптар билер мен медиаторлардан тәлім алмақ


Ер адам ажырасқан соң 10 жыл бойы мысықтарға алимент төлейтін болды


Еске салайық, бұған дейін ақтаулық тұрғын Мария Мәжитова бұрынғы күйеуін үш жасар ұлын шетелге заңсыз алып кетіп, алимент төлемеумен қатар өзіне қысым көрсетіп отыр деп айыптады. Әйелдің айтуынша, бұрынғы жұбайы баланы қайтару үшін алименттен бас тартуды талап еткен. 2 млн теңгеден астам қарызы бар ер адамға қатысты сот шешімі болса да, жеке сот орындаушысы еш шара қолданбаған. Мария Мәжитова бірнеше рет құқық қорғау органдарына жүгінгенімен, нақты нәтиже болмағанын айтып, қоғамнан көмек сұрады.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 05 Қараша, 2025 12:15
Талқылау