AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте алғашқы BI Chess Халықаралық шахмат күні өтті

Шымкентте 20 шілде Халықаралық шахмат күні BI Chess қалалық алғашқы рейтингтік турнирі өтті.

Асанбай Асқаровтың жүз жылдығына арналған турнирдің басты демеушісі және ұйымдастырушысы BI Group инновациялық құрылыс холдингі болды. Компания өкілдері жарысты жыл сайын өткізу мәселесін қарастырып жатқанына тоқталып өтті.

Турнирге 125 жергілікті шахматшылар қатысты: 2-ші және одан жоғары санаттағы шеберлер, сондай-ақ арнайы іріктеу турынан өткен әуесқойлар. Жарыс екі жас санатында өткізілді: 60 жасқа дейін және 60 жастан жоғары.

Іс-шара басталар алдында ақсақалдар қатысушыларға бата беріп, оң тілегін білдірді.

“Мен бұл жерде жастарды көргеніме қуаныштымын. Шымкент өзінің шахматшыларымен және мықты шахмат мектептерімен танымал. Бұл шынымен де адамдарды біріктіретін бекзат ойын. Шахмат ойнауды ешқашан тастамаңыздар дегім келеді!” – деді турнирдің қарт жастағы қатысушысы Олег Ни.

BI Chess  швейцариялық жүйе бойынша өткізілді. Жарыстағы уақыт бақылау  өлшемі 10 + 5 құрады. Соңғысы әр қатысушыға бір ойынға 10 минут , оның ішіндегі 5 секунд жүріс жасауға берілгенін білдіреді.

Барлық ойын онлайн режимде шахмат турнирлерінің халықаралық базасының chess-results.com ресми сайтында көрсетілді.

Жеңімпаздар ФИДЕ халықаралық регламентіне сәйкес анықталды. Бұл рейтингке кіру - әр шахматшының мақсаты.

Бірінші жас санатында 0,5 балдық айырмашылықпен шахматшы Әбубәкір Жолдасов жалпы 6 ұпаймен жеңімпаз атанды. Екінші жас санаты бойынша 8 ұпай жинаған Әбілмансұр Әбділхайыр жеңімпаз атанды.

BI Chess  бірінші қалалық рейтингтік турнирінің нәтижелері бойынша екі санатта бірінші және екі орындарды мыналар иеленді:

2 - орын: Алдияр Нысанов

3 - орын: Әмірбек Сапаров

2 - орын: Нұрасыл Жұмабек

3 - орын: Зейнеп Сұлтанбек

“Мен Халықаралық шахмат шеберлігімнің деңгейін Мальдив аралдарында қорғадым, қазір Индонезиядағы жарыстарға қатысуды жоспарлап отырмын. BI Group компаниясына осы іс-шараны ұйымдастырғаны үшін, Шахмат күніне жасалған құрметтері үшін алғысымды білдіремін. Барлығы да жоғары деңгейде өтті”,  – дейді Зейнеп Сұлтанбек.

Сондай - ақ турнирдің ең жас қатысушысы Даяна Балтабек және ең жас қатысушысы Сергей Ни марапатталды.

Барлық шахматшыларды құттықтаймыз!

Айта кетсек, BI Group компаниясы филантропиялық бағдарынан айнымай, 27 жылдан бері қоғам өміріне белсенді түрде қатысып келеді.

Холдинг көптеген әлеуметтік, қайырымдылық жобаларды жүзеге асырды. Олардың ішінде: BI-Juldyzai корпоративтік қоры, "Бақытқа апарар соқпақтар" - Алматыдағы тау соқпақтарын абаттандыру жобасы, BI Marathon сияқты спорттық бастамалар, сондай-ақ BI Green эко қозғалысы және тағы басқалар.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр