Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте алаяқтар үйсіз жүргендердің атына 22 миллион 800 мың теңге несие рәсімдеген

Шымкент прокуратурасы алаяқтардың үйсіздер атынан несие рәсімдегенін мәлімдеді. Қылмыстық топ тұрғылықты жері жоқ адамдардың атынан шот ашып, несие алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Қылмыстық топ қаржы компаниясынан алаяқтық жолмен 22 миллион 800 мың теңге қарыз алған. Қадағалау органының өкілдері қылмыстық топтың 2021 жылдан бері алаяқтықпен айналысып келгенін айтады. 

Бес күдіктіге қатысты алаяқтық бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Ал қаржы компаниясы міндеттеріне салғырттық танытқаны үшін жауапқа тартылады. 

“2021 жылы ұйым филиалының қызметкерлері 22 800 000 теңге сомасында алаяқтық жасау фактісін анықтады. Қызметкерлер жалған жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың шоттарын дер кезінде тексеріп, бұғаттамаған. Осылайша қылмыстық топ өздерінің алаяқтық әрекеттерін жүзеге асырған”, – дейді Шымкент прокуратурасы бірінші басқармасының басшысы Жандос Досанов.



Айтуынша, қылмыстық істі прокуратура өз бақылауына алды. 

Бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстанда қандай несиелер автоматты түрде жойылатынын айтты. 

Талқылау