Шымкентте Ақсу шатқалында суға батқан студенттердің мәйіті төрт тәуліктен бері табылмай жатыр
Төтенше жағдайлар департаменті Ханарық ауылынан 5 шақырым жердегі Ақсу шатқалы Ақсу өзеніне батып кеткен студенттердің мәйітін төрт тәуліктен бері іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Отырар басылымына сілтеме жасап.
Іздеу жұмыстарына жүзден аса түрлі ведомство қызметкерлері жұмылдырылған.
Анықталғандай, 28 маусымда іздеу шаралары еш нәтиже бермеген. Жаяу 5 шақырым, еурокоптермен 20 шақырым жер тексерілген.
Басылымның мәліметінше, суға батып кеткен студенттердің бірінің досы байланысқа шыққан. Өзін Шивамо деп таныстарған жігіт Қырғызстанда білім алады екен.
"Біз барлығымыз уайымдап отырмыз, оның ата-анасы өзін қоярға жер таба алмай жүр. Олар ендігі қайтып келуі керек еді, алайда нақты ақпарат жоқ. Сондықтан уайымдап отырмыз", – дейді досы Шивамо.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн