Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте әкімдік ғимараты салынуы тиіс болған жер белгісіз кәсіпкерге саудасыз берілген

Шымкентте кәсіпкерден әкімдік салу үшін тәркіленген жер сыбайлас жемқорлықтың белгісімен өзге кәсіпкерге үлкен сауда нысанын салуға ұсынылған. Осыған сай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі құрылыс саласындағы заң бұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Отырар порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

пара

Басқарма мәліметінше, 2019 жылы Бәйтереков көшесінің бойында кәсіпкердің бір гектар жері тәркіленген. Кейін бұл жерге әкімдік ғимаратын салу жоспарланған екен.

Алайда кейін Шымкент Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар бұл учаскені басқа жобаға берген. Сонымен қатар бұл инвестициялық жоба емес болып шықты. Бұл жер өзге кәсіпкерге сауда-саттықсыз берілген. Ол бұл жерге үлкен сауда нысанын салған.

"Бүгінгі күні біздің қолымызда сот шешімі бар. Барлық қабылданған шаралар жергілікті атқарушы органдар мен Шымкент қаласының Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) толығымен жойылды. Бүгінде жер телімі қаланың, жергілікті атқарушы органның балансына берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады", – деді Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев.

Енді жер мемлекет меншігіне қайтарылып, нысан бұзылатын болады. Бұған дейін агенттік Шымкент ӘКК өкілдерінің кәсіпкерлерге үлестірген жалпы құны 3 млрд теңгені құрайтын 46 жер телімі туралы да мәлімдеген болатын.

Талқылау