Шымкентте 7 жасар бала су толы шұңқырға құлап мерт болды
Шымкентте 1-сынып оқушысы қоршалмаған шұңқырға құлап, мерт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Otyrar.kz
Оқиға 12 сәуірде Тұран-1 ықшамауданында болған. Жеті жасар бала кешкі сағат 17:00 шамасында үйінен шығып кеткен. Шамамен 22:00-де оның денесі тереңдігі шамамен 2 метр, өлшемі шамамен 4х50 метр, суға толы шұңқырдан табылған.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көпқабатты үйлерге арналған септик үшін шұңқыр бірнеше жыл бұрын қазылған, бірақ жұмыс тоқтап, ашық қалған. Уақыт өте келе шұңқыр ағынды суға толып кетіпті.
Баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Еске салсақ, Ақтауда жылу желілеріндегі апат салдарынан бала қатты күйік алған еді
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"