Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 400 миллион теңгеге мемлекеттік субсидия жымқырылған

Шымкент тұрғыны былтырдан бері асыл тұқымды ірі қара мал сатып аламын деп  кәсіпорындарымен жалған мәмілелер жасап келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

мал шаруашылыгы

Пысықай субсидия алу үшін Шымкент қаласының Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына жүгінген. Заңсыз әрекеттің нәтижесінде 400 миллион теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылғаны белгілі болды. 

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралуда.

Айта кетейік, бұл қаражат мал шаруашылығымен айналысатын шаруаларға өнімділік пен сапаны арттыруға беріледі.

Алайда, бұл мемлекет қолдауын өз пайдасына қолдану дерегі Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті өкілдерінің тексерулері кезінде анықталды.

Талқылау