AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 3 мың отбасыға пәтер кілті табысталды

Шымкент қаласында жыл басынан бері мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында 3 мыңға жуық отбасы баспанамен қамтылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

үй

“Жыл сайын кезекте тұрған азаматтарға пәтерлер белгіленген тәртіппен үлестіріліп келеді. Осы жылдың басынан тұрғын үй кезегінде тұрған 682 отбасы арендалық пәтермен қамтылған болса, жыл соңына дейін осы бағытта 294 отбасыға баспана  беріледі”, - деді тұрғын үй  басқармасының басшысы А.Рысжанов өзінің  әкімге берген 9 айлық есеп қорытындысы кезінде.

"Отбасы банк" арқылы "5-20-25" бағыты бойынша  кредиттік тұрғын үймен 730 азамат қамтылған. Оның ішінде 261 азамат тұрғын үй кезегінде тіркелгендер. Шымкент қаласындағы екінші деңгейлі банктер арқылы жыл басынан бері 1362 азамат несие арқылы рәсімдей отыра баспаналы болды. Жыл соңына дейін кредиттік тұрғын үймен 4 413 отбасыны қамту жоспарлануда.

"2-10-20 "Бақытты отбасы" бағдарламасы аясында 158 отбасы несие негізінде тұрғын үймен қамтылып, оның ішінде 73 отбасыға алғашқы жарнасының бір бөлігін жабуға тұрғын үй сертификаты берілді. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасын табады. 

Табыс көрсеткіші аз тұрғындарды қолдау мақсатында жергілікті бюжет есебінен алдағы жылға 500 млн. теңгеге тұрғын үй сертификаттарын әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз беру қарастырылған. Қайтарымсыз тұрғын үй сертификаты бойынша 902 өтінім қабылдана отырып, 311 өтінім – 274 млн.теңгеге мақұлданған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр