Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 26 жастағы әйелді айуандықпен өлтіріп, мәйітін қоқысқа тастаған оқушыға қатысты сот үкімі өзгерді

Коллаж Stan.kz

Шымкентте 26 жастағы келіншекті айуандықпен өлтіріп, мәйітін қоқысқа тастаған оқушыға қатысты сот үкімі өзгерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Үй тазалауға барған Диана Оңғарбаеваны азаптап ажал құштырған 16 жастағы қылмыскер бұған дейін 7 жыл 6 айға сотталған еді. Бұған келіспеген марқұмның жақындары апелляцияға беріп, бүгін үкім шықты. Екі баланың анасын өлтіріп, қылмысын жасыруға тырысқанымен қоймай ұялы телефонын да ұрлаған сотталушының жаза мерзімі бар болғаны 1 жылға ұзарды. 

“99-баптың бірінші бөлігімен және 188-баптың бірінші бөлігімен тағайындалған жазаларды толық қосу арқылы түркілікті 8 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жәбірленушілер Қарлығаш Оңғарбаеваға моральдық зиян өтемақысы ретінде 2 млн теңге 5 млн теңгеге дейдін, Айдана Оңғарбаеваға өндірілген 2 миллион теңге 5 миллион теңгеге дейін, Жаппаровтың пайдасына берілетін 6 миллион теңге 10 миллион теңгеге дейін ұлғайтылсын”, – деді Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бәйдібек Дүйсебек. 

Айыптау актісінде прокурор Оңғарбаеваны өлтірген оқушы оның мәйітін зорлағанын да оқыған еді. Алайда қылмыскер сот залында бастапқыда айтқан сөздерінен айнып шықты. Сөйтіп зорлыққа сөзден басқа дәлел жоқ деп тағайылған айып алынып тасталды. Бірақ мұнымен марқұмның анасы келіспейді. Сот бойы жүрегін ұстап отырған жәбірленуші берілген жаза тым жеңіл дейді.

“Келіспеймін бұл үкімге. Мүлде әділ өткен жоқ. Сотталған бала кәмелетке толмаған деп барлық жағдайды жасап беріп отыр оған. Бала зорлаған оны. Мәйітті зорлап- қорлаған. Жыныстық қатынасқа түскен. Бала мойындағаны бар. Қалай болып қалай істегенін мойындап берген бала. Соның бәрін жоққа шығарып отыр енді. Бұл жерде тергеудің де қатесі бар. Тергеу қалай жазып берді. Бұлар да солай жазып беріп отыр. Бұл жерде бәрі ақшамен шешіп отыр. Сонда кәмелетке толмаған деп осындай іс істей бере ме?”, – деді жәбірленуші Қарлығаш Оңғарбаева. 

Еске салайық, тамыз айында Шымкенттегі қоқыс маңынан әйелдің мәйіті табылған еді. 10 күн бойы пакет ішінде жатқан денені тазалықшылар байқаған. Марқұмның артында екі қызы мен күйеуі қалды. Әйелді өлтірді деген күдікпен 17 жастағы жасөспірім ұсталды. Істі қараған сот 11-сынып оқушысын әйелдің өліміне кінәлі деп напы, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырған еді.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 12 Ақпан, 2026 20:17