Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Шымкентте 15 тонна сіріңке тиелген жүк көлігі өртеніп кетті (видео)

Видеодан скрин

Шымкентте 15 тонна сіріңке тиелген жүк көлігі өртеніп кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өрт 6 мамыр күні Жібек жолы көшесінде болды. Төтенше жағдайлар қызметі өртті 17:39-да толық сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, көліктің жүк бөлімінде шамамен 15 тонна сіріңке болған. Жүктің үштен бірі — шамамен 5 тоннасы жанып кеткен. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің 25 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды. 

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 07 Мамыр, 2025 09:33
Талқылау