AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 12 жастағы қыз жалын арасынан 1 жасар егіз бауырларын аман алып шықты

Шымкенттің Қайнарбұлақ саяжай аумағындағы үйде 12 жастағы қыз кенет шыққан жалыннан 1 жасар егіз бауырларын аман алып қалған. Өрт кезінде балалардың ата-анасы үйде болмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

Ата-аналрының айтуынша сол күні кешкісін олар балаларды жатқызып, өздері көрші үйден сүт алу үшін шығып кеткен. 

Үйде бауырларына қарайлап қалған қыз кенет крелоның жанып жатқанын көрген. Қыз алдымен шығып жатқан өртті сөндіруге тырысқан. Бірақ үлкен жалынға айналып бара жатқандықтан еш ойланбастан бауырларын құтқаруға кіріскен. Алдымен інілерінің біреуін көтеріп сыртқа алып шығып, кейін күш жинап, қорықпастан ішке қайта кірген. Лапылдаған өрт ішінен екінші бауырын көтеріп алып аман-есен сыртқа шыққан.

“Бүлдіршіндерді қолдарынан қысып көтеріп, бірінен-соң бірін сыртқа шығарған. Кейін маған келіп анашым мен бауырымды сыртқа шығарған кезде оны жерге отырғызып тастап кеттім. Ренжімеңізші, мен екіншісіне баруға асықтым дейді. Оның өзі де бала ғой! Біз оның қатты қорқып қалғанын байқадық. Аяқтары дірілдеп қалтырап тұрды. Кейін балаларды көрші үйге апарып, оларға үйдің түгелдей жанып кеткенін айтпадық”, –  деді Мария Саворовская.



Өрт құтқарушылар келгенге дейін көршілердің  көмегімен сөндірілген. Мария үлкен қайғылы оқиғаның алдын алғанын айтады. Себебі өрт газ баллоны тұрған ваннаға жетсе, үй жарылып кетер еді. Қалалық ТЖД мәліметінше, өртке кондиционер тоқтарының тұйықталуы себеп болған.

"Кондиционер орындықтың үстінде ілулі тұрды. Диван мен кресло, ішінде синтетикалық толтырғыш болғандықтан ол әдетте тез жанады. Біз келген кезде терезеде бәрінің жанып жатқанын  көрдік. Кейін бізде де жақтаусыз бассейн бар еді, сол арқылы шлангпен тез, тез су жібере бердік. ТЖД тез келді, бірақ біз бұл уақытқа дейін өрттің бетін қайтардық", – деп еске алады Мария Саворовская.

Мейірімді тұрғындардың арасынан бұл отбасыға өз еркімен көмек көрсеткендер болды. Үш баласы бар отбасына уақытша баспана және азық-түлікпен көмек көрсетілген. Қыз бен оның інілері қазір толықтай қауіпсіз жерде. Ал ата-анасы өртенген үйді қалпына келтіруге тырысуда. Алда оларға күрделі жөндеу мен қажеттінің барлығын сатып алу қажет етеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр