Шымкентте 100 жастағы әже пневмониядан емделіп шықты
Шымкентте пневмониямен ауырған 100 жастағы науқас шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Дүйсебекова Қызтай өзінің жүзінші күзін инфекциялық аурухананың дәрігерлерімен бірге қарсы алды. Денсаулық сақтау қызметкерлері әжені 100 жасқа толған күні шығарды.
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, 7 қыркүйекте егде жастағы науқас ауыр жағдайда «Асар» шағынауданындағы жұқпалы аурулар орталығына жеткізілді. Дәрігерлер өкпесін томографиялық тексеруден өткізіп, науқастың өкпе тінінің 55% зақымдалғанын анықтады. Сонымен қатар, ұзақ бауыр асқазан жарасы бары белгілі болды.
Дәрігерлер оны бөлімге жатқызып, вирусқа қарсы терапия жүргізді. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде Дүйсебекова Қызтай толығымен сауығып, туған күнінде ауруханадан шығарылды. Қызтай әже дәрігерлерге білікті медициналық көмек пен дұрыс күтім жасағаны үшін алғысын білдірді.
«Ауруханаға түскен кезде әжемнің жағдайы ауыр болды. Біз оны хаттама бойынша емдедік. Бүгінгі таңда науқастың жағдайы тұрақты», - дейді дәрігер Ляззат Тленшина.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
