Шымкентте 10 жастағы бала үстіне бұта құлап көз жұмды

11 ақпан күні Шымкент қаласының Еңбекші ауданында көпқабатты тұрғын үйдің ауласында ағаш бұтасы құлап, 10 жастағы баланы мерт қылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Құқық қорғау органдары қайғылы жағдайды растады.
Куәгерлердің айтуынша, қалың қардан Елшібек батыр көшесіндегі №114 үйдің ауласындағы ағаштың бір бөлігі сынып, баланың үстіне құлаған. Ауыр жарақат алған бала жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды.
Қайғылы жағдай болған жерде жедел қызмет өкілдері жұмыс істеді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алайда ресми органдар әзірге ақпаратқа қатысты түсініктеме берген жоқ.
- Алматыда ағаш бұтағы құлап, бір қыз қаза тапты
- Павлодар облысында ағаш бұтағы қадалып, қаза тапқан әйелдің отбасына 1 миллион теңге беріледі
Еске салайық, Алматыда әйелдің басына ағаш бұтағы құлап, көз жұмған еді.
"Бәрі арнайы тапсырыспен жасалған": 62 миллион теңге боспасалады делінген блогерлер жарыссөзде өз нұсқасын айтты
Айыптаудың негізгі эпизоды былтыр 20 қаңтардағы кездесуден басталған
"233 миллиард теңгенің ұмытылмаған сабағы": Қазақстанға 2029 жылғы Азия ойындарын өткізудің пайдасы бар ма?
Ақырыс Сейтқазы қысқы Азия ойындарын Қазақстанда өткізу экономикалық тұрғыдан тиімсіз екенін айтты