Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент жатақханасындағы студент көз жұмған: Күдіктілер қолға түсті

Шымкенттегі жатақханада көз жұмған студенттің өліміне күдіктілер ұсталды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Полиция екі күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.

Куәгерлердің айтуынша, студенттердің бірі жігітті кеудесінен, ал екіншісі иығынан ұрған. Соның салдарынан ол кенеттен өзін нашар сезінген. Студенттер жедел жәрдем шақырған, бірақ медицина қызметкерлері олар келгенге дейін қайтыс болған жас жігітке көмек көрсетіп үлгермеді.

Полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізуде.

Еске сала кетейік, 22 қыркүйекке қараған түні Шымкенттегі колледждердің бірінің жатақханасынан 1 курс студентінің мәйіті табылғаны туралы айтылған еді. 

Талқылау