Шымкент үздік үштік қатарында
Бүгін ҚР премьер-министрі Асқар Мамин үкімет мүшелерімен, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардың әкімдерімен селекторлық мәжіліс өткізді.
Үкімет отырысында елдегі эпидемиологиялық ахуал талқыланып, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері таразыланды.
Республика облыстары мен қалаларының экономика саласындағы негізгі көрсеткіштерінің даму динамикасында Шымкент қаласының барлық көрсеткіштерінде өсім динамикасы бар екендігі баяндалды.
Бұл жөнінде Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев: "Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Шымкент және Алматы қалаларында байқалуда", - деді.
Оның ішінде биылғы жылдың қаңтар-шілде мерзіміндегі аралықта былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Шымкент қаласының
- өңдеу өнеркәсібіндегі көрсеткіші 104,8 пайызға,
- ауылшаруашылығы саласы – 103 пайызға,
- құрылыс жұмыстары – 114,6 пайызға,
- пайдалануға берілген үйлер көлемі – 107,9 пайызға,
- сауда саласы – 104,2 пайызға,
- көлік саласы – 103 пайызға,
- жеке инвестиция тарту көлемі – 149,5 пайызға артқандығы атап өтілді.
Шымкент қаласының кен өндірісімен байланысты емес салалар бойынша инвестициялық белсенділігі 22,8 пайызға жеткендігі айтылып, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, оның ішінде азық-түлік өндірісі, байланыс және ақпарат, ауыл шаруашылығы, сауда, жылжымайтын мүлік операциялары, көлік салаларында оң даму көрсеткіштері қалыптасқан. Бұл көрсеткіштен қаламыз 3-ші орынға тұрақтаған.
Құрылыс саласында Шымкент қаласы үздік бестіктің қатарына еніп, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда құрылыс көлемі 14,6 пайызға өскен.
Қаламыздың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде қалыптасқан оң динамика шаһар экономикасының тұрақты өркендеуіне негіз болып, даму жоспарында қамтылған міндеттерді табысты іске асыруға кепіл болмақ.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
