Шымкент тұрғыны қоғамдық көліктен құлап қалғаны үшін 13 миллион теңге алды
Желтоқсанда Шымкентте автобус жүргізушісі артқы есікті жаппай, жүріп кеткен. Салдарынан 63 жастағы жолаушының сол аяғы есікке ілініп, автобустан құлап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Uralskweek.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ер адамның сол аяғы бірнеше сынық алып, жансақтау бөліміне жатқызылды. Алты айдан кейін оған екінші топтағы мүгедектік берілді.
Жәбірленуші автобустың сақтандыру компаниясына жүгінді. Компания оқиғаның барлық құжаттары мен мән-жайын зерделеп, оған заң бойынша 3500 АЕК, яғни 12 миллион 922 мың теңге көлемінде өтемақы төледі.
Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, 2024 жылы елде қоғамдық көліктердің кесірінен болған жол-көлік оқиғаларының саны 56% өскен. Биыл автобус апаттарынан 25 адам қаза тауып, 445 адам жарақат алған.
Қоғамдық көлікте зардап шеккендерге сақтандыру төлемінің мөлшері:
- Жол апатының салдарынан мүгедектік тағайындалған жағдайда – мүгедектік тобына қарай 2500-ден 5000 АЕК-ке дейін (9 230 000 – 18 460 000 теңге);
- Мүгедектік белгіленбестен жарақат алған жағдайда – емдеуге кеткен шығын мөлшерінде, бірақ 200 АЕК-тен (738 400 теңге) аспайды;
- Жәбірленуші қайтыс болған жағдайда – 5 000 АЕК (18 460 000 теңге).
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн