AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент түрмелерінің бірінде педофил түсініксіз жағдайда қаза тапты

Шымкентте түрмелердің  бірінде педофил құпия жағдайда мерт болды. Оқиға ИЧ-167/2 түзету мекемесінде орын алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Baigenews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қаза тапқан азамат кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін сотталғаны анықталған. Алдын ала мәлімет бойынша, сотталушы биіктен құлағаннан кейін ауыр жарақат алған. Ол ауруханаға жеткізіліп, шұғыл ота жасалған. Алайда дәрігерлер оны құтқара алмады. 

Прокуратура тергеу жұмыстарын бастаған. Алайда ведомство оқиғаның мән-жайын толық жарияламады. Іске жергілікті адам құқығын қорғау ұйымдары да қосылған. 

Сонымен қатар қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде де тексеру шараларын тағайындаған. 

"Аталған дерек бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне жедел-тергеу тобы, прокуратура қызметкерлері барды. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды, қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - делінген. Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің хабарламасында. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр