Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент мұнай өңдеу зауытының уақытша жабылуына байланысты Қазақстан жанармайды Ресейден алуы мүмкін

Энергетика министрлігі 2023 жылдың 3-14 шілде кезеңінде Шымкент мұнай өңдеу зауытында катализаторды регенерациялауға және каталитикалық риформинг қондырғысын іске қосу үшін жұмыстың уақытша тоқтайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

мұнай зауыт

Аталмыш процедура SR 1000 риформинг катализаторының белсенділігін қалпына келтіруге және Т-251 шикізат жылу алмастырғышының ақаулығы кезінде (АИ-95 автобензинін өндіруде қолданылады) "халық көп тұтынатын" АИ-92 автобензинін өндіруді сақтауға бағытталған екен. 

Осыған байланысты еліміздегі екі мұнай өңдеу зауытында өндірістік жоспарлар өзгерген. Атырау мұнай өңдеу зауытында АИ-95 премиум автобензинін өндіру 20-дан 45 мың тоннаға дейін ұлғайтылды, Аи-92 маркалы жанармайы 100 мың тоннадан астам деңгейде сақталады. Ал Шымкент мұнай өңдеу зауытында АИ-95 премиум автобензинін өндіру 29 мың тоннаға төмендеп, Аи-92 140 мың тоннадан астам деңгейде сақталады.

“Жазғы демалыс кезеңін және Аи-95-ке сұраныстың артуын назарға ала отырып, "PetroRetail", "Sinooil", "Helios" және "Газпромнефть" ірі АЖҚС желілері Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Энергетика министрліктері арасындағы индикативтік жоспар шеңберінде АИ-95 автобензинін импорттау мәселелерін пысықтауда”, – делінген министрлік хабарламасында. 

Қазіргі уақытта елдегі жанар-жағармайдың (мұнай базаларында, МӨЗ жолдарында және резервуарларында) жиынтық қорлары келесідей:

- автобензин АИ-92 – 357 мың тонна, бұл елдің 23 тәуліктік қажеттілігін жабуға жеткілікті;

- Аи-95 – 50 мың тонна (15 тәулік);

- дизель отыны – 518 мың тонна (28 тәулік).

Талқылау