Шымкент мұнай өңдеу зауытында екі жұмысшы қаза болды

Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында автомұнара аударылып, екі адам мерт болды. Қазір оқыс оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"ПетроКазахстан Ойл Продактс" ЖШС бұл ақпаратты растады.
"26 тамыз сағат 14:30-да оқшаулау жұмыстарын жүргізу кезінде автомұнара аударылып, салдарынан екі адам қаза тапты. Жұмысты мердігер ұйым "КРС Астана " ЖШС жүргізіп жатқан. Қайтыс болғандар "КРС Астана" ЖШС жұмысшылары болған. Бұл жайттың себебін жұмыс тобы анықтап жатыр", – делінген серіктестік таратқан хабарламада.
Қазір зауыт қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
Еске салсақ, таяуда Степногорск қаласындағы жылу электр орталығында апат болып, бір жұмысшы қаза тапты. Оқыс оқиға Степногорск ЖЭО-дағы монтаж жұмыстары кезінде болған. Апат салдарынан бір жұмысшы қаза тауып, тағы үш жұмысшы жарақат алды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"