AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент мектептерінде тәуелсіздік жетістіктері сараланды

Шымшаһардағы барлық мектептерде қыркүйек айында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Тәуелсіздік жетістігі" тақырыбында сынып сағаты мен ашық сабақтар өткізіледі.  Ұрпақ санасына егемендік жылдардың қасиетін түсіндірер жоба аясындағы тәрбие сағаты жалпы білім беретін №137 орта мектебінде  бастау алды. 

шымкент тауелсиздик

Іс-шараның басты мақсаты – Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығын және Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы жолында атқарған еңбегін жас ұрпаққа жеткізу.

Ашық сабаққа тек оқушы мен ұстаздар ғана қатыспай, қаланың қалыптасуына және аймақтың дамуына үлес қосқан зиялы қауым өкілдері арнайы шақырылған. Жиынға ардагер ұстаз Нышанбек Байғұтов, "Шымкент қаласының әйелдер кеңесі" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Баян  Жандосова, қалалық оқу-әдістемелік орталығының директоры Меруерт Асқарбекқызы қатысты. 

Тәуелсіздіктің жетістіктерін жете түсінген жас буын, кездесуге келген қонақтарға сұрақтар қойып, еліміздің өткені мен бүгіні жайында қызу пікірталас ұйымдастырды. Сынып сағатында оқушыларға ел Тәуелсіздігінің 30 жыл ішінде қол жеткен жетістіктері, осы жолдағы Елбасының сарабдал саясатының жемісі, еліміздің саяси-әлеуметтік ахуалы, білім мен мәдениет, тарих, рухани құндылықтар, ел бірлігі мен тыныштығы туралы келелі сөздер айтылды. Іс-шарада оқушылар өнерін ортаға салды. Бірі ақын-жазушылардың өлеңін жатқа оқыса, енді бірі домбырамен ән шырқады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр