AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент мектептері бес жылда дуальды оқытуға көшеді

 

Шымкент қаласында қала әкімінің тапсырмасы негізінде, білім саласында бес жылға арналған жүйелі жоспар құрылған. Білім саласы зерделеніп, 72 жаңа мектептің құрылысы жоспарланып отыр.

дуальді

Бекітілген құжатта үшауысымды мектептер мәселесін толықтай шешуді және мектебі жоқ елді мекендерге мектеп салу жобасы қаралған. Биыл қаладағы үш ауысымды мектеп саны 19-дан 10-ға кемісе, 2024 жылға келіп бұл мәселе түбегейлі шешімін табады.

Қалада білім сапасын жақсарту мақсатында ең әуелі ұстаздардың біліктілік деңгейін көтеру көзделіп отыр. Қазір білім мекемелерінде жоғары және і санатты ұстаздар 59,5 пайызды құраса, 2025 жылы 85,9 пайызға артады.

Сонымен қатар, алдағы бес жылда техникалық және кәсіптік білім беру саласында дуальды оқытудың үлесін арттыру көзделген. Болашақ мамандарды оқу орны мен кәсіпорындар бірлесіп білім беруі – түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткішін жоғарылатады.

Осыған орай, Шымкент қаласын дамыту Жол картасына сәйкес дуальды оқыту бойынша студенттер санын арттырып, 2021 жылы 11,3%, 2022 жылы 18,1%, 2023 жылы 22,6%, 2024 жылы 27,1%, 2025 жылы 42% дейін көтеру жоспарланып отыр. Дуальды оқыту барысында жұмыс берушілердің сұраныс, талаптарына сай кәсіптік-техникалық мамандар даярланады. Нәтижесінде еңбек нарығына қажетті жас мамандарды даярлауда тек білім ұйымдары емес, жұмыс беруші мекемелердің де жауапкершілігі артады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр