Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы салық рақымшылығы: Шымкент 148 мың адаммен көш бастады

Салыққа байланысты берешегі көп Қазақстан қалалары қайсысы екені белгілі болды. Олардың ішінде Шымкент көш бастап тұр. Сондай-ақ, алғашқы үштікке Түркістан мен Жамбыл облыстары кірді. Бұл туралы үкіметте өткен баспасөз конференциясы кезінде ҚР қаржы вице-министрі Қанат Баеділов айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

салық рақымшылығы

«Біз осы мәселеге байланысты жол картасын мақұлдадық. 2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, 1 миллион 400 мың жеке тұлғаның жалпы сомасы 20,9 млрд теңгені құрайтын салықтық берешегі бар екені белгілі болды. Оның ішінде негізгі борыш 14,3 млрд теңге есептелген өсімпұлдар – 6,6 млрд теңге», - деді Қанат Баеділов. 

Әрі қарай қаржы вице-министрі салық қарызының 70%-і көлікпен байланысты екенін айтты. Жер салығы қарызы 19%-ті немесе 20,5 млрд теңгені құрайды. Мүлік салығы қарызы 6,7%-ті, яғни 1,4 млрд теңгені құрайды. 

«Ең көп қарызы бар азаматтар Шымкент қаласында тіркелген. Саны – 148 мың адам. Түркістан облысында – 139 мың, Жамбыл облысында – 119 мың, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында – 114 мың адам», - деді вице-министр. 

Арыс халқы жыл соңына дейін салықтан босатылады <<<

Сондай-ақ, ол осы жылдың басынан бастап физикалық тұлғаларға амнистия жасау үшін мемлекеттік кіріс органдарының үлкен жұмыс жүргізгенін атап өтті. 

«Аталған рақымшылықтың маңызды шарасы - жеке кәсіпкер болып табылмайтын, бірақ кәсіпкерлік қызметтен туындайтын салықтар бойынша берешегі бар жеке тұлғалардың салықтық берешегін есептен шығару. Бұл жерде көрсетілген берешек 2002-2003 жылдары салық органдарының жергілікті жүйеден жалпы республикалық салықтық-ақпараттық жүйеге көшу кезінде пайда болғанын атап өткен жөн», - деді Қанат Баеділов. 

Бұдан өзге ол 2019 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша, сомасы 700 млн теңге, оның ішінде негізгі борышы – 400 млн теңге, өсімпұл 300 млн теңге болатын мұндай берешек 16 мыңнан астам жеке тұлғада болып отыр. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Қазақстанда салық рақымшылығы жүріп жатқанын және оған кімдердің ілінетіні туралы хабарлаған едік. 

Талқылау