AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мұқтаждардың қолына балық емес, қармақ береміз": Шымкентте қайырымдылықпен қалай айналысуға болады

Әрбір шымкенттік мұқтаж жанға көмек қолын созып, қайырымдылықпен айналыса алады. Дегенмен қала тұрғындары ол үшін не істеу керектігін білмей жатады. Бүгінгі материалымызда Шымкентте қалай қайырымдылықпен айналысу болады деген сұраққа жауап іздеп көрмекпіз. 

Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының мәліметінше, қалада жалпы 45 қайырымдылық қоры жұмыс атқарады. Тұрғындарға көмек қолын созу үшін шымкенттік еріктілер солардың 13-імен тығыз жұмыс істеуде. 

"Birgemiz: Qamqor" жалпыұлттық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттері үлестіріліп, "Харекет" қайырымдылық қоры мен "Ізгілікте жарысайық" қоғамдық қайырымдылық қорлары әлеуметтік жағдайы төмен, асыраушысынан айырылған көпбалалы 26 отбасыға баспана кілтін табыстады. "Birgemiz:Saulyq" бағыты аясында "Ардагерлерді ардақтайық", "Мен донормын", "Дені саудың, жаны сау" акциялары аясында қаламыздың 4 ауданындағы ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты 80-ге жуық қарт кісінің қан қысымын өлшеп, керекті дәрумендер яғни, жеміс-жидектер жеткізілді. Жалпы, жақсылық жасағысы келіп, бірақ оны қалай жүзеге асыруды білмей жүрген адамдар біздің орталықтың көмегіне жүгінсе болады, - дейді қалалық Жастар ресурстық орталығының маманы Бижан Сәдібеков.

Сондай-ақ, шымкенттік волонтерлер "Қайырымды істер марафоны" жалпыұлттық жобасы аясында ШҚО Риддер қаласындағы Лесхоз кентінде болған өрттен зардап шеккен 35 отбасыға тұрмысқа қажетті заттар, бұзылмайтын азық-түлік өнімдері, киім-кешек, ыдыс-аяқтар жөнелткен. Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыс салдарынан зардап шеккен жергілікті халыққа 2 миллион теңгеден астам қаржы жинап, азық-түлік тиелген 2 жүк көлігімен гумманитарлық көмек көрсеткен.

Ал "Ізгілікте жарысайық" қоғамдық қайырымдылық қорының президенті Данияр Мейірбеков 8 жылдан бері еріктілікпен айналысып келеді. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді өмірлік ұстанымым деп білетін ол осы жылдар бойы ерікті ретінде біраз адамдарға қол ұшын беріп, игі істердің басы-қасынан табылып жүр.

“Менің волонтер қатарына қосылуыма саябақтағы жас қыздың оқиғасы себеп болды. 2012 жылы магистратурада оқып жүргенімде саябақта келе жатып жас қызды кезіктірдім. Қарасам, жылап отыр. Асыраушысынан айырылған екен. Анасы шіркеуде еден жуушы болып нәпақасын айырып, отбасын асырайтынын білдім. Кейін шамам келгенше оларға көмектесіп жүрдім. Өзімнің жағдайым болмағанда, достарымнан көмектесуін сұрадым. Осылай жүріп өзіміздің қайырымдылық ұйымымызды құру туралы ұйғарымға келдік”, - дейді шымкенттік ерікті.

Еріктілікті азық-түлік таратумен өлшемейтін Данияр Алматы қаласы мен Қызылорда облысында да еріктілер ұйымын құруға атсалысқан. Бүгінде ресми тіркелген қайырымдылық қоры арқылы 1300 адамға көмек қолын созып келеді.

"Ізгілікте жарысайық" қоғамдық қайырымдылық қоры ресми тіркелген ұйым. Біз бес бағытта жұмыс жасаймыз. Білім бағыты бойынша асыраушысынан айырылған және аз қамтылған отбасылардың балаларына қосымша үйірмелер ұйымдастырамыз. Спорт саласында аулаларға ворк-аут алаңшаларын орнатып, спорттық сайыстар өткіземіз. Ал қайырымдылық және әлеуметтік сала бойынша арнайы тізім жасалып, сол бойынша қаладағы әр түрлі санаттағы осал топтардан құралған 1300 отбасыға қолдау көрсетеміз”, - дейді ол.

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәлімдемесіне сүйенсек, бүгінде шаһарда 11 309 аз қамтылған отбасы бар екен. Ал, олардың 4355-і көпбалалы жанұялар. Халық саны көбейген сайын тұрмыстық жағдайы төмен, көмекке мұқтаж азаматтардың да қатары қалыңдай беретіні белгілі. Дегенмен, жағдай мүшкіл адамға қол ұшын соза білетін мегаполис тұрғындары тағдыр тауқіметін тартқан жерлестерін жарылқаудан қашқан емес. Мәселен, Шымкенттегі meyirim.kz және "Джанин" атты екі қайырымдылық қорының директоры Жазира Асан есімді бойжеткеннің қолында қазір жиырма мың көмекке мұқтаж деп танылған азаматтың тізімі бар екен. 

“Біз мұқтаждардың қолына балық емес, қармақ береміз. Яғни, бір реттік көмек жеткіземіз де, одан соң іске жарамды болса жұмысқа тұрғызамыз. Немесе қолынан келетін өнері болса кәсіп ашуына көмектесеміз. Бірақ, міндетті түрде бақылау жасаймыз. Дәл осы жүйе бойынша 2021 жылы 18 мың отбасыға көмектессек, биылғы жылдың өзінде 3500 отбасыға қол ұшын созып үлгердік”, - дейді Жазира Тілеубергенқызы.

Оның айтуынша, Шымкентте өзі білетін қырыққа жуық қайырымдылық қоры мен екі жүздей ерікті бар екен. Десе де, олардың арасында бірлі-жарым өз мүддесі немесе хайп үшін әрекет ететіндер де бар көрінеді. Ал, біздің кейіпкеріміз үйінде жатып, оңай жолмен ақша табатындардың адамдарды алдамауы үшін @meyirim.kz атты қайырымдылық порталын ашқан екен. Сондай-ақ, көмек көрсеткісі келетін азаматтармен тікелей өзі хабарласып немесе нақты қайырымдылық жасайтын қорлардың директорларымен байланыстырып беретінін айтты. 

Осындай қайырымды істерге атсалысамын дейтін жандар болса, төмендегі тізімде көрсетілген мекенжайға барып немесе сондағы байланыс телефондарына хабарласуына болады. Сондай-ақ, Жастар ресурстық орталығындағы мамандарының көмегіне жүгінуіне болады.

1. "Жастар қуаты" волонтерлер мектебі 27.12.2019ж қайырымдылық, патриотизм бағыттарын дамыту мақсатында құрылған. Шымкент қ., Түркістан көшесі, № 1 мекенжайында орналасқан мекенжай бойынша жетекшісі Жасмин Ашимоваға келесі көресетілген нөмір бойынша хабарласуға болады. Байланыс  телефоны +7 775 271 5157.

2. "Қазақстан волонтер лигасы" қоғамдық қоры 01.06.2020ж (филиал)қайырымдылық, отансүйгіштік, еріктілікті дамыту мақсатында Шымкент қ., Түркістан көшесі, № 1 мекенжайында тіркеген. Жетекшісі – Ердәулет Жүнісбеков.  Байланыс  телефоны +7 707 157 6001.

3. "Жалынды жастар"  волонтерлік ұйымы белсенді жас Рахат Арғынбайдың жетекшігілімен құрылған. Ұйым Шымкент қ., Тоқаев көшесі,  № 27 А мекенжайында тіркелген. Волонтерлік қозғалыс қайырымдылық, отансүйгіштік, еріктілікті дамытумен айналысады. Байланыс  телефоны +7 707 290 95 98.  

4. Шымкент қаласының ACCESS бітірушілері "ASAA" жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Данара Саранова қазір ерікті болуға орта жастағы тұрғындар да қызығушылық танытып отырғанын айтады. Оның сөзінше, жастардан бөлек, 40-50 жастағы азаматтар да жұмыстарға атсалысқысы келетінін білдіріп жатады. Қайырымдылық, патриотизм бағытын дамытуды мақсат еткен ұйым 24.01.2011ж күні Шымкент қ.,  Ж. Тыныбаев көшесі, № 49  мекенжайында ресми тіркелген. Байланыс  телефоны +7 702 588 9997.  

5. "Ізгілікте жарысайық" қайырымдылық ұйымы 22.11.2017ж  күні қайырымдылық, отансүйгіштік, еріктілікті дамыту мақсатында құрылған. Қоғамдық ұйымның ресми тіркелген мекенжайы Шымкент қ., Елшібек батыр көшесі,  № 88. Жетекшісі – Асхат Мәуленов. Байланыс  телефоны +7 778 012 89 89.  

6. @Meyirim.kz қайырымдылық электронды порталы. Қайырымдылық қорды көпбалалы және жағдайы нашар отбасыларға көмек көрсету мақсатында шымкенттік белсенді еріктілер 4 жыл бұрын ашқан.

Мекен-жай:  Шымкент қ.,  Д. Қонаев даңғылы, № 8 А

Жетекшісі: Асан Жазира Тилеубергенқызы

Байланыс телефоны:  +7 700 713 9139  

7. "Добряки Шымкента" волонтерлік ұйымы. Алғашында бұл ұйымды 2015 жылы  жағдайы төмен адамдарға көмек көрсету мақсатында Гүлмира Абдырашева есімді азаматша ашқан. Ол  Instagram әлеуметтік желісі арқылы Астанадағы  еріктілердің басым бөлігін біріктіріп, қайырымдылық шараларды өткізумен айналысты. Бүгінгі күні оның ұйымы Қазақстанның бірнеше қалаларында атап айтқанда Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбеде  жұмыс істейді. 

Мекен-жай: Шымкент қ., Мәделі қожа көшесі, № 7

Жетекшісі: Наргиза Рашитова 

Байланыс телефоны:  +7 708 675 7420  

8. "Сенім" медицина волонтерлік ұйымы. Қайырымдылық және патриотизм бағытын дамыту мақсатында Жанэль Исакулованың жетекшілігімен 10.12.2020ж құрылды.

Мекен-жай: Шымкент қ., 

Байланыс телефоны:  +7 7781800838  

9. "Клуб Добряков Шымкента" волонтерлік қозғалысының үйлестірушісі қайырымдылық және әлеуметтік көмек ретінде 08.03.2014ж құрылған. 

Мекен-жай: Шымкент қ.,    Асқаров көшесі № 11 б

Жетекшісі: Асель Илешова

Байланыс телефоны:  +7 7081004610  

10. "Asyl jurek" қайырымдылық қоры кәсіпкер Асель Алпысова жетекшілігімен  10.05.2019ж ауруға шалдыққан балаларға көмек көрсету мақсатында   ашылған.

Мекен-жай: Шымкент қ.,  Адырбеков көшесі №5  

Байланыс телефоны:  +7 778 010 00 40  

11. "Ана жолы" қайырымдылық қоры. Қор белсенділері тек көмектесіп қана қоймайды. "Адамға балық емес, қармақ бер" деген қағиданы ұстанған олар мұнда жаңа дағдыларды үйретіп, жұмыс іздеуге бейімдеуді көздер отыр. Тәжірибе ретінде бірнеше ай бұрын мұнда тігін цехы іске қосылған. Ерекше баласы бар аналар өздеріне және балаларға киім тігуді үйренді. Қазір олар өздерінің туындыларын мақтанышпен көрсете алады.

Мекен-жай:  Шымкент қ.,  18 шағын ауданы көшесі,  №5

Жетекшісі: Ауелбекова Гузаль Тиленбековна

Байланыс телефоны:  +7 702 112 72 57  

12. "Джанин" қайырымдылық қоры жалғыз басты қарт кісілерге алғашқы медициналық көмектер көрсетіп, дәрі-дәрмек және азық-түлік себеттерін үлестіреді.

Мекен-жай:  Шымкент қ.,  Д. Қонаев даңғылы, № 8 А

Жетекшісі: Асан Жазира Тилеубергенқызы

Байланыс телефоны:  +7 700 713 9139  

13. "Харекет" қайырымдылық қоры.  "1000 теңгеге баспана" бастамасымен Алматыда құрылған ұйым. Шымкентте де бірнеше жылдан бері тұрмысы төмен отбасыларға баспана кілттерін тарту еткен. 

Шымкенттегі ерікті: Серік Дарбышев 

Байланыс телефоны:  +7 747 552 08 65

Қайырымдылық – әр адамның жүрегінің түкпірінен шығатын, нақты өлшемі жоқ жақсы істердің жиынтығы. Сондықтан тек қасиетті Рамазан айында емес, қолдан келген кездің бәрінде жақсылыққа жақын болғанымыз дұрыс. Себебі, көмекке мұқтаж жандарға кішкентай болсын қуаныш сыйлаған адамға ол жақсылығы еселеп қайтары анық. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр