Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент қаласы, Жамбыл және Түркістан облыстарында жер сілкінісі сезілді

Petrovich9 / istockphoto.com

Қазақстанның 30-дан астам елді мекенінде жер сілкінісінің дүмпулері сезілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“ҚР ТЖМ "ҰҒСНИ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 06 қазанда Астана қаласы бойынша уақыт бойынша сағат 01: 29-да жер сілкінісін тіркеді.Эпицентр 465 км жерде орналасқан. Қырғызстан аумағындағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай.Эпицентр координаттары 42.270º с.е. 71.378º ш.б. Тереңдігі 10 км”, – деп мәлімдеді дүйсенбі күні Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.3, Магнитуда MPV 5.9.

Сезімталдығы туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша):Есептік қарқындылық (балмен):

Жамбыл облысы,

Жуалы ауданы,

Бауыржан Момышұлы ауылы, 4 б.

Жамбыл облысы Тараз қаласы 4 б.

Жамбыл облысы, Байзақ ауд., Сарыкемер ауылы, 4 б.

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы, 4 б.

Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылы, 4 б.

Түркістан облысы Төлеби ауданы Леңгір қаласы 3 б.

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы, 3 б.

Түркістан облысы, Манкент ауылы, 3 б.

Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, 3 б.

Т. Рысқұлов атындағы Жамбыл облысы Құлан ауылы 3 б.

Шымкент қ. 3 б.Жамбыл облысы, Мерке ауд., Мерке ауылы, 3 б.

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы, 3 б.

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы, 3 б.

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы (Шаян) 3 б.

Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, 2 б.

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, 2 б.

Түркістан облысы Арыс қаласы 2 б.

Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылы, 2 б.

Жамбыл облысы Шу қаласы 2 б.

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, 2 б.

Жамбыл облысы Шу ауданы Төле Би 2 б.

Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, 2 б.

Жамбыл облысы, Мойынқұм ауд., Мойынқұм ауылы, 2 б.

Түркістан облысы Кентау қаласы 2 б.

Түркістан облысы Түркістан қаласы 2 б.

Жамбыл облысы, Қордай ауд., Қордай ауылы, 2 б.

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті, 2 б.

Түркістан облысы, Сауран ауд., Шорнақ ауылы, 2 б.

Түркістан облысы, Жетісай ауд., Жетісай қ., 2 б.

Түркістан облысы Шардара ауданы Шардара қаласы 2 б.

Соңғы мәліметтерге сәйкес зардап шеккендер және бүлінген әлеуметтік нысандар туралы деректер тіркелмеді. Жамбыл облысы әкімдігі Ербол Қарашөкеевтің жағдайды бақылауына алғанын хабарлады. 

“ТЖД командалық орталығының базасында жедел штаб құрылып, жұмыс істеуде. Зерделеу жұмыстары жалғасуда. Байланыс және көмек үшін жедел желі ашылды: ҚР ТЖМ командалық орталығы - 87172-704118. Жамбыл облысы ТЖД - 87262-513575. Облыс тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтап, тек ресми мәліметке сүйенуге шақырамыз”, – делінген ресми хабарламада. 
Назерке Мұса
Дүйсенбі, 06 Қазан, 2025 07:51
Талқылау