Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент басшысы журналистерге қандай әкім болатынын айтты

4 ай бұрын сайланған Шымкент қаласының басшысы Ғабит Сыздықбеков журналистерге қандай әкім болатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ОКҚ

ОКҚ алаңында өткен есеп беру брифингіне қатысқан өңір басшысына БАҚ өкілі өзін көп насихаттаған алдыңғы әкім Ғабидолла Әбдірахымовтың журналистерден қашқанын еске салды. Бұрынғы әкімнің әрекетін қайталмайсыз ба деп сұраған БАҚ өкілі Сыздықбековтен қандай әкім болатыны жайлы айтуын да өтінді.

“Ғабит Сыздықбеков бұл лауазымға тағайындалған уақытта ең алдымен журналистермен кездесу өткізгенін айтты. Шынымды айтсам, әріптестерім маған сөзге көнетін, шу шығармайтын журналистерді ғана шақыруды ұсынға еді. Мен оған қарсы болдым. Тіпті кейбір мәселелерде өз көзқарастары бар барлық журналистерді шақырдық. Біз үшін демократия мен сөз бостандығы маңызды. Барлық журналисттің пікірімен санасатын боламыз және оны ескереміз. Мұны президентіміз "тыңдаушы мемлекет" тұжырымдамасынада да айтқан болатын. PR-ға келетін болсақ, мен өзіммен бірге жұмыс істейтін әріптестеріме бұл бағытта жұмыс істемейтінімізді бастапқыда айтқан болатынмын. Өйткені әкім атқаруы тиіс белгілі бір міндеттері бар. Ең бастысы халық үшін жұмыс істеуі керек. Біз тек атқарған жұмысымыздың қортындысы бойынша PR жасаймыз,- деді Шымкент қаласының әкімі.


 
 

Талқылау