Шымкент әуежайында 1500 жолаушы ұша алмай қалды: Олар еденде түнеуге мәжбүр болды
Бір жарым мыңға жуық қазақстандық азамат ауа райының қолайсыздығына байланысты Шымкент әуежайынан ұша алмай қалды.
Жолаушылар осыған байланысты терминалдың еденінде түнеуге мәжбүр болдық деп шағымданды. 13 рейс тоқтатылды, 7 рейс орындалды.
Астана телеарнасының хабарлауынша, осы уақыт аралығында әуежай терминалында 1,5 мыңға жуық жолаушы жиналған. Олар күту залында, еденде түнеуге мәжбүр болды. Осыған баланысты азаматтар әуе тасымалдаушыларына наразылықтарын білдірді. Жолаушылардың айтуынша, олар жатар орын таппай, ыстық тамақ іше алмаған.
«Олар ешқандай баспана бермеді. Мен кешеден бері осында түні бойы отырдым. Мен қонақ үй талап еттім. Олар бұл ауа-райы қолайсыздығы және біз мұндай жағдайларда жолаушыларға қызмет етпейміз деді», - деді журналистерге берген сұхбатында Тимур Фарарутдинов.
Әуежайдың баспасөз қызметі де бұл жағдайға түсініктеме берді.
«Кешеден бері біздің ауа райы жағдайлары өзгерді. Осы ауа райына байланысты кешеден бастап 6 желтоқсанға жоспарланған 20 рейстің 7-і жаңа аяқталды. Ауа райына байланысты жағдай әр минут сайын өзгеруі мүмкін», - деді әуежайдың баспасөз хатшысы Мәди Уалиханов.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
