Шымкент әкімі "Ордабасы" клубының 2 млрд теңге қарызы бар деген ақпаратты жоққа шығарды

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков "Ордабасы" футбол клубының 2 млрд теңге қарызы бар деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әкімнің айтуынша, клуб қазір бекітілген жоспарға сай ғана қаржыландырылады және шығын да едәуір қысқартылған.
"2023 жылы қызметке келген кезде клубтың айтарлықтай қарызы болғаны белгілі. Қазір бұл берешек толығымен жабылды деуге болады. Шығындар реттелді, ал қаржыландыру бекітілген кесте бойынша жүргізіліп келеді", – деді Сыздықбеков.
Әкім қазір клубты жекешелендіру бойынша әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты. Сонымен қатар бұл мәселе жақын арада бір жақты болатынын да атап өтті. Алайда нақты мерзім мен инвесторлардың аты-жөні әзірге жарияланбады.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі

