Шымкент әкімі халықпен кездесуді тойханада өткізді
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов халықпен кездесуді тойханада өткізді. Сонымен қатар әкім халықпен әр тоқсан сайын кездесетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап.
Мұрат Әйтенов пандемия салдарынан халықпен кездесудің сиреп кеткенін айтты.
"Бұрын әкім халықпен жылына бір рет қана кездесетін. Биылдан бастап тоқсан сайын есеп беріп отырамын. "Бұған дейін неге істемедіңдер, енді неге халықпен кездескеш болып қалдыңдар" деп көбі айтуы мүмкін. "Екі жыл бойы ковид болды. Тіпті туысқандарымызбен араласа алмай қалдық. Енді соның орнын толықтырамыз", – деді М.Әйтенов.
Ол кездесу неліктен тойхана ғимаратында өтіп жатқанын түсіндірді.
"Енді тойхана халықтың жері ғой. Әрі барлық мүмкіншілігі бар. Кең, жарық, әдемі. Көп халық сияды. Сондықтан халықпен кездесуге тойхана ыңғайлы".
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн