Шымкент әкімі Disneyland құрылысы жайлы сөз қозғады
Шымкенттегі Disneyland құрылысы жайлы қала әкімі Ерлан Айтаханов сөз қозғады, деп хабарайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Диснейленд қатысты мен сингапурлық инвесторлармен кездескен едім. Қазірше біз бұл туралы тек ауызекі түрде талқыладық. Олар тағы бір серіктес іздестіріп жатыр. Оның себебі жобаға жұмсалатын қаржының көлемі өте көп. Өз тарапымыздан нысанның салынатын жерін анықтап қойдық. Келесі жылы бұл мәселенің бір шешім табатынына сенімдімін", - деді әкім.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Азиялық бизнесмен шымкенттіктерге Disneyland салатындығы жайлы айтқан еді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”