Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір ғана туысы қатысты: Шымкентте коронавирустан көз жұмған ер азамат жерленді

14 сәуір күні Шымкентте коронавирустан көз жұмған 58 жастағы марқұмның денесі жер қойнына тапсырылды. Қалалық мешіттің өкілі Мұхамеджан Естеміровтың айтуынша, бақилық болған азамат қайтыс болған күні кешке қарай Абай ауданында мұсылмандар зиратына жерленген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Азаттық радиосына" сілтеме жасап.  

зират

Марқұмның жаназасын Құрсай ауылының имамы моладан 15 метр қашықтықта тұрып оқыпты. Жерлеу рәсіміне көз жұмған ер азамттың бір ғана туысы мен үш маман қатысқан. 

Шымкент қалалық тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқарма басшысы Әбдіманап Түлебаевтың сөзінше, жерлеуге қатысқандардың барлығы коронавирус инфекциясының жаппай таралуына байланысты қабылданған сақтық шараларын толық сақтаған. 

Еске салайық, қаза болған азамат - Қазығұрт ауданы Рабат аулының тұрғыны. 11 сәуір күні ол дене қызуының көтерілуі мен жұқпалы инфекцияның басқа да белгілері болғандықтан ауруханаға жеткізілген. Ер азамат қан қысымының көтерілуіне шалдыққан екен. 14 сәуір күні ол көрсетілген ем шараларына қарамастан көз жұмыпты. Онымен байланыста болған анықталыпты. 

Көз жұмған ер азамат туған ұлымен бірген Қарғандыдан Новосибирск қаласына жүк тасумен айналысқан көрінеді. Оның әйелі бес жыл бұрын қайтыс болған. Бұған дейін олар Шымкентте тұрып келген. Содан кейін Рабат ауылына қоныстаныпты

Атап кетерілк жайт, 6 сәуір күні Шымкентте Мақтаарал ауданының Атакент ауылының 1964 жылғы ер азамат індеттен көз жұмған еді. Ол қала сыртындағы христиандар зиратына жерленген. 

Қазіргі таңда Шымкентте коронавирус жұқтырған 40 адам тіркелген. Екі адам сырқаттан толығымен емделіп шығыпты. 


Рамазан айы 2020. Шымкент қаласы үшін Ораза кестесі

STAN.KZ
Сәрсенбі, 15 Сәуір, 2020 11:41
Талқылау