AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент: 1000 оқушыға оқу құралдары таратылды

Үшінші мегаполисте қала әкімдігі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен "Мектепке жол" акциясы өтті. 

Шым

Қайырымдылық шарасы Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және "Қайырымды істер" марафоны жобасы  аясында ұйымдастырылды. 

Ақмешіт орталық мешітінде өткен акцияда 1000-ға жуық мектеп оқушысына оқуға  қажетті құрал-жабдықтар табыс етілді. 

“Отбасындағы бірнеше баланы мектепке дайындау, ата-анаға салмақ түсіретіні анық. Мұндай жағдайда әке-шеше барлық баласын жаңа оқу жылына толық дайындай алмайды. Осы орайда әлеуметтік көмекке мұқтаж аз қамтылған отбасылар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жеткіншектерге көп болып, көмектесу игілікті іс. Індет жағдайына байланысты сөмкелер мен  оқуға қажетті  оқу құралдары үйлеріне жеткізіледі. Игі шараны "Зекет" қайырымдылық қоры және еріктілер атқарады”, – деді қаланың бас имамы Бағдәулет қажы Абдрахманов. 

Айта кетейік, "Мектепке жол"  акциясы Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандық мешіттерінде жалғасын табатын болады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр