Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерболат Төлегенов: Артымнан сөйлейтіндері жыныма тиеді

Шімән апа образымен елге танылған Ерболат Төлеген 4 баланың әкесі. Кемпірдің рөлімен нан тауып, әзілімен көптің көңілінен шығып жүр. Өзіне сын айтатындардың да, алғыс айтатындардың да барын мойындайды. Кемпірдің рөлі сұраныстан туған образ дейді өзі.

Көпшіліктің сүйіктісіне айналған

Бұл туралы Уақыт көрсетеді бағдарламасында айтылды. 

Ерболат Төлегенов елге "Шмән" рөлімен таныс. Әзіл әлемінде де, телеэкранда да осы образда. Сұраныс болса, образды тастамаймын дейді актер. 

"Мен кемпір рөлін ойнап, кемпір болып кеткен жоқпын. Әйел болып кеткен ештеңем жоқ. Кейбіреулер әйел болып барасың дегенді көп айтады. Мен олай ойламаймын. Сауалнама арқылы байқағанымда, көпшілік мені осы образда көргісі келеді. Сондықтан бастысы сұраныс бар. Кезінде Құдайберген ағамыз да әйел рөлін ойнады. Неге ешкім сын айтпады? Неге бетіне айтпады? Менің соңымнан сөз айтатындар көп. Солар неге бетіме айтпайды? Арызы болса, хабарласса болады. Мен бәрін түсіндіріп берер едім", - деді әзілкеш. 

Ерболат Төлеген өзінің кәсіби маман екенін айтты. Балаларының да кемпір рөлін сомдауына қарсы емес.

"Егер балаларым әйел рөлін ойнағысы келсе, актер болам десе, сомдай алып тұрса, мен қарсы болмаймын. Бастысы сұраныс болса болды", - деді Төлеген. 

Талқылау