Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шілде айындағы ыстық Қазақстан бойынша көпжылдық рекордты бұзды

2020 жылдың шілде айында Қазақстанның батыс жартысындағы ыстық нормадан 1 - 4°С-қа жоғары болған. Ал республиканың шығыс жартысында температуралық фон климаттық нормадан аспаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ауа райы

Айдың ортасында Жерорта теңізі аудандарынан жылы ауа массаларының шығуымен бүкіл Қазақстан бойынша жауын-шашынсыз ыстық ауа райы байқалды. Жекелеген күндері еліміздің батысында қатты және өте қатты ыстық байқалды, осылайша көпжылдық максимумдардан асып түсті. Мысалы, Ақтау мен Атырауда 12 шілде 40,6 және 41,3 °С, Ақтөбеде: 13 шілде 40,6°С, Оралда 14 шілде 40,8° С температура тіркелді.

Сондай-ақ, рекордтық ыстық күндер Қазақстанның орталығы мен шығысында байқалды. Жезқазғанда 18 шілде 39,1°С, Өскеменде 17 шілде 37,4°С.

Жауын-шашын бойынша жалпы 2020 жылдың шілде айында республиканың оңтүстік-батыс жартысында нормадан аз, Қазақстанның солтүстік-шығыс жартысында нормаға жуық, Қазақстанның солтүстігі, орталығы мен шығысының жекелеген аудандарында нормадан 1-3 есе көп болды.

Мысалы, жекелеген күндері тәулік ішінде түскен жауын-шашын мөлшері бір айлық норманы құрады. 3 шілдеде Ақмола облысында Балкашино метеостанциясында айлық норма 60 мм болғанда 49 мм түсті. 10 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында Семиярка метеостанциясында айлық норма 38 мм болғанда 37 мм түсті.

Талқылау