Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шілде айындағы инфляция бойынша Қазақстан посткеңестік елдер арасында көш бастап тұр

Шілде айында Қазақстан посткеңестік мемлекеттер арасында инфляция бойынша көшбасшы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Геостатистика Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Біз дүкендердегі бағаның көтерілуін тоқтата алмаймыз. Инфляцияның өсуі – тұрғындардың алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі", - делінген инфографиканың сипаттамасында.

Диаграммаға сәйкес, антирейтингтің алғашқы үштігіне 14% инфляциямен Қазақстан, Әзербайжан (12,2%) және Украина (11,3%) кірді. Тізім соңында орташа есеппен 0,1%-ға төмендеген Армения тұр.

Талқылау