Шығысқазақстандықтар Батырхан Төлеуғалиді әуежайдан күтіп алды

Фото: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
Таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Батырхан Төлеуғали Өскеменге келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Батырхан Төлеуғалиді әуежайдан отбасы, достары, бапкерлері мен жанкүйерлері күтіп алды.

Фото: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
“Әлем чемпионаты өте жоғары деңгейде өтті. Қазақстаннан сонау Африкаға барып келдік. Осындай жетістікке жету мен үшін зор мәртебе. Туымыз көтеріліп, әнұран шырқалғанда ерекше сезімге бөлендім. Оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Енді дайындықты тоқтатпай, келесі жылы өтетін ауқымды жарыстарда бақ сынауды жоспарлап отырмын”, – дейді спортшы.

Фото: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
Айта кетейік, Батырхан Төлеуғали 87 келіге дейінгі салмақта жеңімпаз атанған дода Кенияның Найроби қаласында өтті. Ол шешуші жекпе-жекте Иран спортшысы Мохаммад Ализадені сенімді түрде жеңді.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі